Атырау, 1 мамыр 08:30
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Енді Бишімбаевтың сотын ғана емес, су тасқынын да онлайн режимде көруге болады

255 просмотра
скриншот

Қазақстанның батысындағы екі қала, атап айтқанда, Орал мен Атыраудағы су тасқынын енді онлайн режимде бақылап отыруға болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Кез келген азамат мына сілтеме бойынша өтіп, су басқан аумақтардағы жағдайды онлайн түрде көре алады. Онлайн түрде Орал және Атырау қалаларындағы су тасқынына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды және жергілікті жердегі жағдайды тексеру бойынша жұмыстарды көру мүмкіндігі бар. Үлкен суға дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар үшін белсенді азаматтарға, компанияларға, төтенше жағдайлар қызметі мен әкімдік қызметкерлеріне алғыс білдіремін», - деп жазды Мусин instagram парақшасында.

Айта кетейік, Орал мен Атырау қалаларында су тасқыны күшейіп келеді. Төтенше жағдайлар министрлігі халықты күні-түні эвакцациялап жатыр.

18 сәуір, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.