Атырау, 22 желтоқсан 05:39
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Бишімбаевтың адвокаттары жасатқан сараптама іске алғысыз болып қалды

531 рет қаралды
видеодан скриншот

Бүгін 17 сәуірде Астанада Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы жалғасын тапты. Бишімбаевтың адвокаттары ұсынған қазақстандық және ресейлік мамандар жасаған сараптама істен аалынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сараптама қорытындысы Нүкенованың мәйітіне бұның алдында жасалған сараптама нәтижесіне қарама қайшы болып шыққан.

Айта кетсек, кешегі сотта мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Бишімбаевтың адвокаттары жасатқан сараптаманы дәйек ретінде қабылдамауды сұраған болатын.

Аймағанова сарапшы Тілемісованың берген қорытындысы ҚР заңына сәйкес келмейтінін, оның дұрыстығы да күмән тудыратынын айтқан еді. Ол сондай-ақ Ресей мамандары егер жалған қорытынды берсе, ол үшін жауапкершілік арқаламайтынын ескертті.

«Аталған зерттеудің қызмет ақысын төлеген Бишімбаевтың адвокаттармен келісім арқылы жасалып отыр. Адвокат – тапсырыс беруші, ал сарапшы – тапсырысты орындаушы. Осыған байланысты біз мамандардың материалдық пайда көруге мүдделі болған деп санаймыз, адвокаттар өз кезегінде өздеріне пайдасы бар қорытындыны алады»,- деді мемлекеттік айыптаушы.
17 сәуір 2024, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.