Атырау, 22 желтоқсан 05:37
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Павлодарда дене шынықтыру мұғалімінен есірткі заты табылды

620 рет қаралды
Фото: freepik.com

Педагог қызметін тиісінше бақыламаған мектеп директоры тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты @Pavlodarnews.kz-сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2023 жылдың қазан айында 26 жастағы павлодарлықты полиция қызметкерлері психотроптық зат алып жүргені үшін ұстады.

- Ұстау кезінде жігіттің жанында әйелі болды. Анықталғандай, ол психотроптық заттарды пайдаланады және облыс орталығындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істейді. Тергеуші білім беру органдарына ұсыныс жолдады, ол бойынша шешім қабылданды,- деді облыстық ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Шешім бойынша дене шынықтыру мұғалімімен еңбек шарты бұзылды.

Сонымен қатар, педагог қызметін тиісінше бақыламағаны үшін мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды.

16 сәуір 2024, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.