Атырау, 3 мамыр 22:56
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Оралда үйлері Жайыққа жақын орналасқан тұрғындарға қауіпсіз жерге шығуға өтніш жасалды

333 просмотра

Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дабыл қақты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, судың мол көлемі Ресей Федерациясынан 2-3 күнде Батыс Қазақстан облысына жетеді.

«Жаңа ғана маған ақпарат келіп түсті. Қала әкімдігі дәл қазір тұрғындарға үндеу жасапты. Ресейдің Орынбор аймағынан су 2-3 күнде келетіндіктен, Орал қаласындағы қауіпті аймақтардың тұрғындары дереу қауіпсіз жерлерге көшірілуі тиіс деген. Атап айтқанда, Орал қаласындағы Жайық өзені бойындағы саяжайлардың, су басу қаупі жоғары Курени, Старица, Коминтерн аудандарының тұрғындары шұғыл арада эвакуациялану қажет. Судың мол көлемі кез-келген уақытта жетіп, үйлерді су басуы мүмкін- деген хабар тарауда», - деді спикер.


Қазір төтенше жағдай қызметі, күштік құрылымдар мамандары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

15 сәуір, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.