Атырау, 4 мамыр 04:21
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Арменияда Тоқаев пен Симонян кездесу өткізді

254 просмотра
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Еревандағы Парламент ғимаратында Армения Республикасы Ұлттық жиналысының Төрағасы Ален Симонянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.


Тоқаев Армения мен Қазақстан арасында тығыз қарым-қатынас орнағанын және екі елді ортақ тарих пен ежелгі мәдени байланыстар біріктіретінін атап өтсе, Ален Симонян Армения мен Қазақстан арасындағы көпжақты және екіжақты форматтағы өзара ынтымақтастық деңгейі жоғары деңгейде екенін алға тартты.


Әңгімелесу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан мен Армения аймақтары арасындағы байланыстарды нығайту перспективалары қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен жүргізілген келіссөздер барысында сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика салаларында маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілген. Кездесуде Мемлекет басшысы елімізде өзінің бастамасымен ауқымды саяси жаңғыру үдерісі жүргізіліп жатқанын, онда парламентаризмді дамытуға ерекше басымдық берілгенін айтты.

Өз кезегінде Ален Симонян екі елдің парламентаралық платформалардағы ықпалдастығының маңызына ерекше назар аударған.


Ақорда хабарлағандай, әңгімелесу барысында мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан мен Армения аймақтары арасындағы байланыстарды нығайту перспективалары қарастырылды.

15 сәуір, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.