Атырау, 23 қыркүйек 12:22
 ашықВ Атырау +22
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Қазақстанда әлі неше үй су астында қалып отыр

283 просмотра
Фото: Мәжіліс

Қазақстан бойынша 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, су тасқыны басталғаннан бері Қазақстан бойынша 111 мыңнан астам адам құтқарылған.


«11 950 адам үйлеріне оралды. Қазір 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалып отыр. 3,5 мыңға жуық тұрғын үйден және 2 157 аула аумағынан су бұрылды», - деп хабарлады ол.
 


Ол еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдайжарияланын еске салды.

15 сәуір, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.