Атырау, 5 қазан 11:38
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бүгінде орташа балл – 70,8

2 489 просмотра

Ертең, 8 маусымда атыраулық талапкерлердің соңғы легі ҰБТ тапсыратын болады. Олар – Атырау қаласы мен Исатай ауданы мектептерінің 722 мектеп бітіруші түлектері. Тестілеудің алғашқы үш күніндегі алдын ала қорытындылар бойынша орташа балл 70,8-ге тең.

Әдеттегідей, қазақ-түрік лицейі (105,2) мен Ұлттық гимназия (102,6) түлектерінің орташа нәтижелері жоғары болып отыр. Ал бүгінде ең үздік көрсеткішке Абай атындағы қала мектебінің түлегі Нұрбол БЕКТЕМІРОВ ие болды. Ол 123 балл жинапты. «Алтын белгінің» 32 үміткері мен ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер 20 түлек өз білімдерін қорғап шықты. Өту деңгейіне жете алмаған талапкерлер саны республикалық апелляциялық комиссия шешіміне дейін жария етілмейді.

- Облыс аумағында ҰБТ өткен кезде талапкерлер мен олардың ата-аналарының тарапынан ешқандай төтенше оқиғалар мен шағымдар тіркелген жоқ, - деп атап өтті облыстық білім беру басқармасының жалпы және орта білім беру бөлімінің аға инспекторы Бәтима БАХТИЯРОВА.

Ал талапкерлердің өздерінің әсерлері әр түрлі. Кеш болса нәтижелері жарияланған стенд жанына сынақтан өткендерден тәжірибе алу үшін ҰБТ-ны әлі тапсырмағандар да жиналады. Кейбіреулері тарих пәнінің сұрақтарына шағымданды, олардың арасында балаларды тығырыққа тіреген сұрақтар да кездесіпті. Оларды дұрыс қойылмаған сұрақтар деп айтуға болмайды, бірақ сынамалық тестілеуде олар бірде бір рет кездеспеген. Кейде, талапкерлердің пікірінше, қатарынан екі дұрыс жауабы болған сұрақтар болған. Мұндай жағдайлар талапкерлердің апелляциялық шағымдарында көрсетілетін болады.

Кірер ауыздан қатаң бақылаудан өткендігіне қарамастан, кейбіреулері өздерімен бірге телефондарын алып кіре алған. ҰБТ-ның алғашқы күнінде байланыс жүйелері болмағандықтан оларды калькулятор ретінде пайдаланған. Келесі күні, мектеп пелагогтары мен түлектердің өздерінің растауынша, тұншықтырғыштың қосылғанына қарамастан, әлсін әлі байланыс жүйесі пайда болып отырған.

Анағұрлым толық ақпаратты облыстық білім басқармасы жұртшылыққа ҰБТ аяқталғаннан кейін және апелляциялық комиссия жұмысы аяқталған соң ұсынуды жоспарлап отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ

7 маусым 2013, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.