Атырау, 23 қыркүйек 12:29
 ашықВ Атырау +22
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Қазақстанда мамырға жоспарланған тағы бір ірі көрме өтпейтін болды

307 просмотра
Фото: ulttyqonim.kz

Еліміздегі су тасқынына байланысты 17-19 мамыр күндеріне жоспарлаған Қазақстандағы тауар өндірушілердің VIII «Ұлттық өнім» көрмесі өтпейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметіне сүйенсек, VIII «Ұлттық өнім» көрмесі Қазақстандағы тауар өндірушілердің өнімдерін насихаттайтын ортаның бірі болған.

«Даму» қоры 17-19 мамыр күндеріне жоспарлаған қазақстандық өндірушілердің VIII «Ұлттық өнім» көрмесін өткізбеу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Бұл көрме Қазақстандағы тауар өндірушілердің өнімдерін насихаттайтын құралдардың бірі еді. Дегенмен, қазіргі жағдайда зардап шеккен аудандардағы кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсету жөн деген тоқтамға келдік», - деп хабарланған «Даму» қорының ақпаратында.

Айта кетейік, су тасқынына байланысты билік бұған дейін тағы екі форумның өтпейтінін хабарлаған еді. 

15 сәуір, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.