Атырау, 13 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тозған үйлер тексерілді

3 426 просмотра

Наурыздан бастап мамырдың ортасына дейін Атырауда жылу өлшегіштерді орнату мүмкін емес тозығы жеткен, апатты үйлер мен ғимараттарды анықтайтын коммиссия жұмыс істеді. Тексеру нәтижелері жабырқатады: мұнай астанасы мен оның маңайында мұндай орындар 400-ден астам екен.

Комиссия құрамына облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, қалалық ТКШ бөлімі, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті (ТМРАД), ПИК қауымдастығы мен табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері кірді.

Көшпелі комиссиядан тұратын ревизия Атырау, Балықшы мен Геолог селоларының тұрғын үй қорларына жүргізілді. Тексеру 922 тұрғын үйді қамтыды. Нәтижесінде 437 тозығы жеткен, апатты ғимараттар, барак типті үйлер анықталды. Соның ішінде «Таза Құбыр» ЖШС қызмет көрсететін 17 үй (Балықшы п.), бірінші учаске маңындағы 20 үй («АтырауСуАрнасы» КМК), Геолог селосындағы 2 тұрғын үй («Қарабаев» ЖК) бар. ТМРАД табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің жетекшісі Наталья ДҮЙСЕМӘЛИЕВАНЫҢ айтуынша, осы үй тұрғындары үшін тариф: «Таза Құбыр» ЖШС – 1 Гкал үшін 1 520 теңгені, КГП «АтырауСуАрнасы» КМК 3 текше метрге дейін – 1 текше метріне 28,7 теңгені, 3 текше метрден жоғары – 1 текше метріне 53,7 теңгені, «Қарабаев» ЖК– 1 Гкал үшін 3765,3 теңгені құрайды.

398тұрғын үйде жылумен қамтуды «АЖЭО» АҚ жүзеге асырады. Әңгіме бір, екі, үш қатарлы үйлер мен жатақханалар туралы болып отыр. Дүйсемәлиеваның айтуынша, АЖЭО қызмет көрсететін үйлерде жылу энергиясына дифференцияланған тарифтер қолданылатын болады. Яғни, тариф ҚҚС-мен қосқанда 1 ГКал үшін 4204,84 теңгені (4589,8 теңгенің орнына) немесе жылытылатын алаңның 1 шаршы метрі үшін 100,92 теңгені (110,2 теңгенің орнына) құрайды.

Естеріңізге салсақ, жылу энергиясына дифференцияланған тарифтер 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

7 маусым 2013, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.