Атырау, 3 мамыр 10:53
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Ирикла су қоймасынан Жайыққа секундына 447 текше метр су жіберіліп жатыр

1 138 просмотра
Фото: Kazinform

Батыс Қазақстан облысында «Қазсушар» РМК-ның су қоймалары 77,3 пайызға толып, 391,7 млн текше метр су жиналды, деп жазады КазАқпарат.

«Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалынан мәлім еткеніндей, Ресей Федерациясының Орынбор және Саратов облыстарындағы су шаруашылығы қызметтерімен күн сайын ақпарат алмасылуда.

Ресейліктердің мәліметіне қарағанда, Саратов облысындағы Приузен су қоймасынан Қараөзенге секундына 23 текше метр су жіберілуде. Қазіргі таңда Қараөзен мен Сарыөзенге 400 млн астам текше метр су алынды.

ирикла су қоймасы

Фото: Kazinform
«Орал қаласында Шаған су қоймасында су деңгейі 29,60 метрді көрсетіп тұр. Тасқын су имарат арқылы еркін өтіп, Жайық өзеніне құйылуда. Ал Орынбор облысында орналасқан Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне секундына 447 текше метр су босатылуда. Жайықтың Орал қаласы тұсындағы деңгейі бүгін сағат 08.00-де 743 сантиметрге жетті (тәуліктік өсім – 7 см, қауіпті деңгей – 850 см). Облыстың бас өзенінен Жайық-Көшім жүйесіне секундына 107 текше метр су түсуде. Филиалдың су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты», - деп хабарлады ведомстводан. 
13 сәуір, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.