Атырау, 22 желтоқсан 05:37
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тоқаев Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады

755 рет қаралды

Сурет: aqorda.kz

Астана халықаралық форумы елдегі су тасқынына байланысты өтпейтін болды, деп хабарлады Ақорда. 

 "Мемлекет басшысы еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді.

Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болды.

13 сәуір 2024, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.