Атырау, 3 мамыр 17:18
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Ерке сылқым» күйінің авторы Әбдімомын Желдібаев дүниеден өтті

608 просмотра

Белгілі күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Әбдімомын Желдібаев 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

30 жылдан астам уақыт «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. Композитордың «Арман құс», «Толғау», «Жесір сазы», «Ыдырыс», «Аққу», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар.

Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған. Күйшінің атақты туындысы - «Ерке сылқымның» құрметіне 2011 жылы Шу қаласында ескерткіш орнатылған.

«Құрмет», «Парасат» ордендерінің, айрықша белгідегі «Алтын барыс» төсбелгісінің иегері.

12 сәуір, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.