Атырау, 22 желтоқсан 05:39
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Енді Қазақстанда әскери билет талап етілмейді

900 рет қаралды

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери билеттің цифрлық форматқа ауыстырыланын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оған қоса елде жұмысқа орналасу немесе оқу орнына түсу кезінде әскери билеттің түпнұсқасын өткізу туралы талап та жойылған.

"Енді жұмыс беруші азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы мәліметін egov.kz электрондық үкімет ресурсын пайдаланып, автоматты режимде ала алады.

Заңнама бойынша заңды тұлғалар азаматтың әскери қызметіне қатынасы туралы деректерді тіркеуге міндетті. Сондықтан кадр қызметтері бұрын әскери есепке алу құжаттарын (әскери билеттер, тіркеу туралы куәлік, әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама және т.б.) талап еткен", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.


12 сәуір 2024, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.