Атырау, 22 желтоқсан 05:37
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Бюджет кодексіндегі «грант» ұғымының аясы кеңейеді

733 рет қаралды
Фото: kaznu.kz

Тоқаев Астанада өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында еліміздегі жоғары білім саласын дамытуға тозығы жеткен инфрақұрылым бөгет болып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Президент ғылыми зерттеуге қажетті құрал-жабдық алуға және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған қаржы еш кедергісіз бөлінуі керек дейді. Сондықтан Бюджет кодексіндегі «грант» ұғымының аясын кеңейтуді ұсынды.

«Мемлекеттік жоғары оқу орындарының ғимараттары ескірген. Көбі жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған. Бұлардың ішіндегі ең жаңа дегені – 1982 жылы бой көтерген Ақтөбе мемлекеттік университеті. Осы орайда менің тапсырмаммен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін жаңа ғимараттар, яғни кампустар салынады. Басқа да жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту керек. Университеттердің және зерттеу орталықтарының ескірген зертханаларын біртіндеп қалыпқа келтіру қажет», - деді ол.
12 сәуір 2024, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.