Атырау, 22 желтоқсан 07:15
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​ШҚО-да топырақ көшкіні жүріп, жол жабылды

506 рет қаралды

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында топырақ көшкіні жүріп, жол жабылды, деп хабарлайды ШҚО әкімдігі. 

"Бүгін таңғы «Теректі – Ұрынхай – Төсқайың» облыстық маңызы бар жолдың 13 шақырымында («Мраморное» асуы маңы) топырақ көшкіні жүрген. Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы жабылды.

Болған жағдай туралы «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері мәлімдеген. Оқиға орнында жергілікті атқарушы билік және ТЖ қызметі жұмыс істеуде. Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды. Айта кетсек, топырақ көшкіні жаңбыр және қардың еруі салдарынан болған" - делінген хабарламада. 

12 сәуір 2024, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.