Атырау, 5 мамыр 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Түркістан облысында бұрын бірнеше рет сотталған деструктивті діни ағым жақтаушысы ұсталды

303 просмотра

Түркістан облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, деструктивті-діни ағымның жақтаушысы, Жетісай ауданының тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұрын бірнеше рет сотталған 58 жастағы ер адам мессенджерде чат құрып, онда радикалды уағызшылардың бейнематериалдарын жариялап, тыйым салынған деструктивті-діни ағым идеологиясын насихаттайтын хабарламалар орналастырған.

«Біздің жедел уәкілдер ІІО-да есебінде тұратын күдіктіні Жетісай қаласынан ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды» – деп хабарлады Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Қ.Сахов.

Қазіргі уақытта күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

11 сәуір, 08:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.