Атырау, 17 ақпан 18:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

603 рет қаралды

Синоптиктер Қазақстанда 11, 12 және 13 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтал бөліктер ықпалында болады, сондықтан түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. 11-12 сәуірде республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз батыста және оңтүстік облыстарда найзағай ойнайды, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады.

"Ел аумағының басым бөлігінде температура фонының айтарлықтай ауытқуы болжанбайды. Тек республиканың солтүстік және шығыс облыстарында 12-13 сәуірде түнде ауа температурасы 1-13 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі", - делінген хабарламада.

10 сәуір 2024, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.