Атырау, 22 желтоқсан 07:15
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Антикор астаналық салық қызметкерінің үйінен 129 миллион теңге тапты

479 рет қаралды
Фото: freepik.com

Астанада аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен елордалық Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру департаментінің ҚҚС аудиті бөлімі басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде 130 миллион теңгеге жуық ақша табылған, оның заңдылығы анықталып жатыр.

"Ол кәсіпкерлік субъектісінен 36 милллион теңге сомасында ҚҚС-ны қайтару туралы оң шешім қабылдағаны үшін 3,6 миллион теңге көлемінде пара алған. Тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында 129,4 миллион теңге тәркіленді. Заңдылық және олардың шығу тегінің негізділігі тексеріліп жатыр. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Биғайдаров.

10 сәуір 2024, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.