РФ президенті Владимир Путин әйелі Людмила Путинамен ажырасқанын мәлімдеді.
Бұл туралы Росбалт жазып отыр.
Бейсенбі күні кешқұрым Путин мен жары Людмила Мемлекеттік Кремль сарайындағы «Эсмеральда» балетін тамашалаған. Қойылым біткеннен кейін олар "Россия 24" телеарнасына сұхбат берді.
Людмила Путинаның айтуынша, бұл «өркениетті ажырасу». «Бұл жалпы ортақ шешім», - деп қосты РФ басшысы.
Дереккөз: ҚазАқпарат
7 маусым 2013, 09:18