Атырау, 4 мамыр 04:30
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Бишімбаев сотындағы алқабилердің суретін жариялаған автор мен оның бас редакторы жазаға тартылады

339 просмотра
sud.gov.kz

“БАҚ туралы” Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дереккөзіне сүйенсек, процесс барысында іс бойынша төрағалық етуші сот алқабилер алқасын фото және бейнежазбаға түсіруге, сондай-ақ олардың бейнелерін таратуға болмайтынын ескерткен. Яғни, алқабилерге қысым жасалмау үшін олардың түрін ешкім танымауы керек.


«Бұл тыйымды бұзу сотқа қысым көрсету әрекеті ретінде танылады. “БАҚ туралы” Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады. Осыған байланысты сот кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін бастады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Іс бойынша төрағалық етуші жарияланған материалдарды алып тастауды міндеттеді, сонымен қатар оларды таратуға тыйым салды. Айта кетейік, бүгін судья сот залынан БАҚ өкілдерін шығарып жіберген болатын.

10 сәуір, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.