Атырау, 4 мамыр 00:09
 ашықВ Атырау +10
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы гидробекетінде 718 сантиметрге жетті

449 просмотра

Бүгінгі таңда Жайық өзеніндегі су деңгейі жергілікті ағынның және орта ағысында орналасқан өзендердің суынан көтерілуде, деп хабарлайды Орал апталығы.  

Орынбор облысында орналасқан Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне су тастау мөлшері су қоймаға келетін судың азайюына байланысты сағат 08:00-ге секундына 1342 текшеметрді құрайды,- деп хабарлайды ҚазСуШар.

Жайық өзені бір тәулікте 8 см қосып, сағат 08:00 718 см құрады, қауіпті деңгей 850 см құрайды.

Су тасқыны басынан бері өзен деңгейі жалпы 6 метрге көтерілді. Бүгінгі таңда Жайық өзеніндегі су деңгейі жергілікті ағынның және орта ағысында орналасқан өзендердің суынан көтерілді.

Сәуір айының екінші жартысында Сақмара өзенің және Ирикла су қоймасынан тасталған судың есебінен көтерілуі күтілуде. Жайық өзенінен Жайық-Көшім жүйесіне секундына 106 текше метр шығынымен су түсуде. Қазіргі таңда су қоймаларына су жиналуда, 8 сәуірден бастап көлтабандармен мен табиғи шабындықтарға су беру басталды.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, бүгін 10 сәуірде Орал қаласында жаңбыр, найзағай, екпіні секундына 14 метрге дейін жететін жел күтіледі. Күндіз + 20 градус, түнде сегіз градусқа дейін жылы.

10 сәуір, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.