Атырау, 22 желтоқсан 06:56
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің балалары Алматы облысында демалады

624 рет қаралды

Су тасқыны болған аймақтардың оқушылары Алматы облысында орналасқан жыл бойына жұмыс істейтін лагерлерде демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 9 бен 15 жас аралығындағы 70 бала Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылындағы «Тау жанашар» балалар белсенді сауықтыру лагерінде демалады. Оқушыларды орналастыру жұмыстары сәуір айының 10 мен 25 аралығында жүзеге асады.

«Сондай-ақ 10-шы сәуірден 10-шы мамырға дейін «Тау-Тұран» балалар лагерінде 100 бала демалады деп жоспарланып отыр», - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі ең көп зардап шеккен аймақтарда тұратын балалардың сауықтыру орталықтарына жіберіліп жатқанын мәлімдеген еді.

10 сәуір 2024, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.