Атырау, 3 мамыр 23:35
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қазақстанның 9 аймағында 29 төтенше жағдай режимі сақталып отыр

389 просмотра
Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан аймақтарындағы қазіргі су тасқыны жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаштың айтуынша, құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша жұмысқа 16 мыңға жуық адам мен 2500-ден астам техника жұмылдырылған.

«Азаматтық қорғау қызметі 85 мыңнан астам адамды құтқарып, эвакуациялады, оның 30 мыңға жуығы балалар. Уақытша орналастыру орталықтарында 8 349 адам болса, оның 3 809-ы балалар», - деді Ерасыл Сайпаш.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 8 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылды.

Жергілікті ауқымдағы 29 ТЖ режимі Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізілген.

«Жедел желі» телефондарына 1 129 қоңырау түсті.

9 сәуір, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.