Атырау, 30 сәуір 14:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Қазақстандағы су тасқыны: аймақтардағы ахуал қандай?

352 просмотра
видеодан скриншот / ҚР ТЖМ

Су тасқыны кезеңінің басынан бері 76 мыңнан астам адам құтқарылды, оның ішінде 30 мыңға жуық бала бар. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Уақытша орналастыру пунктерінде 7 703 адам, оның ішінде 3 266 бала бар. ТЖМ, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелерімен құтқару жұмыстары жалғасуда.

Оның айтуынша, 7,8 млн текше метрден астам еріген су тартылып, 1,09 мың қапшық және 996,1 мың тонна инертті материал төселген. Авариялық-құтқару жұмыстарына 16 мыңға жуық адам және 3 мыңнан астам техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

«Қазіргі уақытта 3 412 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы және 7 облыста 1926 саяжай үйі су астында қалып отыр. Бұл Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары», - деп баяндады Сайпаш Ерасыл.
8 сәуір, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.