Атырау, 30 сәуір 13:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Қазақстан халқы су тасқынынан зардап шеккендерге қалай көмектесе алады

305 просмотра
Фото: ҚР ІІМ

Қазақстанның тең жартысын топан су басқалы 2 аптаға жуықтады. Әсіресе, еліміздің солтүстік, батыс, орталық аймағының жұрты қызыл судан қатты зардап шегіп отыр. Су тасқыны қарапайым халықтың басындағы баспанасын бар жиған дүниесімен бірге шайып кетті. Мал, жан-жануар суға тұншығып өлді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ТЖМ соңғы мәліметі бойынша, бүгінде 9 облыстан төтенше жағдай режимі алынған жоқ.  

«Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы 29 төтенше жағдай жарияланған. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалды», - деп хабарлады ТЖМ.

Министрлік су тасқыны басталғалы 76 мыңға жуық адамның құтқарылғанынхабарлады, 7203 адам уақытша өмір сүру пункттеріне орналасқан.

Елдегі жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтар зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр. Қазірге дейін 126 мыңнан астам келі гуманитарлық көмек жеткізілген. Әр өңірде ашылған көмек көрсету пункттері жұмыс істеп тұр.

Қазақстандықтар қарғын судан зардап шеккен тұрғындарға төменде көрсетілген Волонтерлік штабтардың мекен-жайлары бойынша жәрдем бере алады:

Гуманитарлық көмек жинау мекен-жайларының жұмыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан заттарды тапсырар алдында қоймаға қоңырау шалу керек.

Астана қаласы бойынша 9 пункт жұмыс істейді:

Сарыарқа даңғылы, 13, 5 қабат. «Астана жастары» КММ Қалалық волонтерлік штаб, жұмыс уақыты: 09:00-20:00 дейін; тел: +7 (701) 356-22-96, Эльвира;
Петров көшесі, 7. «LIDER.KZ» волонтерлер қозғалысы, жұмыс уақыты: 09:00-19:00 дейін, тел: +7701 429 1076 Татьяна;
Қалдаяқов көшесі, 11. «Жақсылық жаса» волонтерлер қозғалысы, тәулік бойы істейді, уақытты нақтылау қажет, тел: +7707 947 7562 Салтанат;
«Саранда» ТК, Әл-Фараби көшесі, 16-үй; «Жақсылық жаса» волонтерлер қозғалысы, тәулік бойы істейді, уақытты нақтылау қажет, тел: +7701 177 3862 Татьяна;
Тамшалы көшесі, 24; «QANAT» волонтерлер қозғалысы, жұмыс кестесін нақтылау қажет, тел: +7747 585 6202 - Меруерт, +7702 759 9447 - Бибігүл;
М. Жұмабаев көшесі, 21б. «Ерекше әлем» ҚҚ, жұмыс кестесі: 11:00-22:00 дейін, тел: +7701 959 3611 - Ботакөз;
Б. Момышұлы көшесі, 26; «Клуб Добряков Астаны», жұмыс уақыты: жексенбі 14.00-18.00 дейін, қалған күндері алдын ала хабарласу керек, тел: +7777 866 7711 - Динара;
Қарасай батыр көшесі, 2. «Истоки добра», жұмыс уақыты: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі 13.00-17.00 дейін, тел: +7701 405 8207 - Динара;
Уәлиханов көшесі, 25/2. «Жақсылық жаса» волонтерлер қозғалысы, жұмыс кестесін нақтылау қажет, тел: +7775 308 6604 - Жанна.
Алматы қаласы бойынша:

Байтұрсынов көш., 22/1, «Алмалы ауданының комьюнити орталығы», тел: +7 747 821 64 78; 7 747 540 01 40, жұмыс уақыты: 10:00-19:00 дейін
Қажетті заттар тізімі:

- азық-түлік;

- ауыз су;

- дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы қажеттіліктер;

- киім (жылы киім, аяқ киім және т.б.);

- заттар (көрпе, ұйықтайтын қап, жастық және т.б.);

- тұрмыстық заттар (шатырлар, термостар, шамдар, қуаттағыштар, шәйнектер, балалар ыдыстары, қажеттіліктері және т.б.);

- гигиеналық құралдар (жөргектер, әйелдерге арналған гигиеналық құралдар, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы, тазартқыш заттар және т.б.).

Алматы облысы бойынша:

Балқаш ауданы: Берікбай Қамшат Берікбайқызы 87085910669 Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Д. Қонаев көшесі, 66 үй;
Еңбекшіқазақ ауданы: Думан Хасенұлы 87715674319,  87055584808 Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі 318А, Т. Молдағалиев атындағы Мәдениет үйі;
Жамбыл ауданы: Ерекеев Мейірбек 87002924699 Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, аудандық мәдениет үйі, Абай Көшесі 168;
Кеген ауданы: Тельман Әділ 87082980470 Кеген ауданы, Кеген ауылы, Райымбек 9 «Жастар ресурстық орталығы»;
Қарасай ауданы: Алтай Аружан Адылханқызы 87788627878, 87013243112 Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Мәдениет үйі, Абылай хан даңғылы 40;
Райымбек ауданы: Абдурахман Ақерке Кенжебекқызы, 87718482309 Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Соқпақбаев көшесі, 24 үй, 7 пәтер;
Талғар ауданы: Қадырбеков Еркебұлан Есетұлы, + 77070020264 Талғар ауданы, Талғар қаласы, Талғар аудандық мәдениет үйі, Рысқұлов көшесі 98;
Ұйғыр ауданы: Муртузаева Гүлшад, 87053259702 Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Әл-Фараби Шонжы ауылдық округінің 70 Әкімшілік ғимараты;
Іле ауданы: Орынбасар Мадияр, 87473660894 Өтеген батыр кенті, Титова 24 Іле аудандық Жастар орталығы.
БҚО бойынша:

Орал қаласы, Молдағалиев көшесі 19, тел: +7 711 224 01 94, +7 776 909 00 20
Қостанай облысы бойынша:

Арқалық қаласы, Абай көшесі 25, «Жастар ресурстық орталығы» кеңсесі, тел: +775 362 39 32  жұмыс кестесі: 7.00-24.00 аралығы;
Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Дүйсенбин көшесі 38, тел: +7 7143 07 40 35Кітапхана, жұмыс уақыты: тәулік бойы;
Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі 115, тел: +7 7143 07 40 36, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының базасы, жұмыс уақыты: 09.00-18.00;
Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы 27, 1 қабат, 103 кабинет, тел: +7 702 540 27 60, жұмыс уақыты: 09.00-18.00;
Қостанай қаласы, Гоголь көшесі 111, «AMANAT» Партиясының Қостанай облыстық филиалының базасы, тел: +7 747 659 58 51 жұмыс уақыты: 09.00-18.00;
Қостанай қаласы, «1 Мая» көшесі 151/1, +7 747 132 42 49, +7 707 663 51 27, жұмыс уақыты: 10.00-18.00;
Қостанай қаласы, Жамбыл көшесі 38А, тел: +7 777 900 66 08, алдын-ала қоңырау шалу керек;
Қостанай қаласы, Парковая көшесі 14 А, тел: +7 705 603 40 18, алдын-ала қоңырау шалу керек;
Павлодар облысы бойынша:

Ломов 38 көшесі, ЖБДО, тел: +7 705 409 19 05
Жетісу облысы бойынша:

Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі 47, тел: +7 705 443 71 40;
Қаратал ықшам ауданы 22В, тел: +7 705 443 71 40.

8 сәуір, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.