Атырау, 22 желтоқсан 06:57
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанмен көршілес Орынборда 10 мың үй тасқын астында қалды

754 рет қаралды

Орынбор олысындағы Жайық (Урал) өзеніндегі су деңгейі 864 см-ге жетті, қауіпті белгіге 66 см ғана қалды. Облыста федералдық сипаттағы төтенше жағдай енгізілді. Кейінгі деректер бойынша, 10 168 тұрғынүй су астында қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

47 көпірдегі қозғалыс тоқтатылды. Десе де федералдық тас жолдарда қозғалыс шектелген жоқ. 

Су астында қалған Орск қаласының билігі төрт адам қаза тапқанын хабарлады: екі адамның жүрегі тоқтап қалған, біреуі табиғи жолмен өлсе, тағы бірі суицид жасаған. 

Орск ауруханаларында жоспарлы медициналық көмек көрсету тоқтатылды. 8 сәуірден бастап барлық мектеп қашықтан оқытуға көшті. 

Орск мұнай өңдеу зауыты “экологиялық қауіптен қорғану және қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында” жұмысын тоқтатты. 

8 сәуір 2024, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.