Атырау, 30 сәуір 17:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

«Қуандықпен бірге намаз оқуға сөз беремін»: сотта Нүкенованың тағы бір жазбасы оқылды

274 просмотра
видеодан кадр

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін азаптап өлтірді деген айыппен ұсталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның қылмысын жасырды деген айып тағылған Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы жалғасын тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сотта Бишімбаевтың адвокаты Салтанат Нүкенованың «күйеуін сыйлауға, оған адал болуға, қызғанбауға» ант берген жазбасын оқыды.

Құқық қорғаушының айтуынша, 2023 жылы 25 мамырда Биішімбаев пен Нүкенова туған күнге баратын болып, 3-4 сағатқа кешігеді. Оған Нүкенованың орынсыз қызғанышы себеп болса керек. Нүкенова Бишімбаевтан оның басқа адамдармен сөйлескен сөздерін қағазға шығарып беруін талап етіпті.

«Салтанат Нүкенованың Бишімбаевтың блокнотына қолмен арыз жазып берген.
Мен Салтанат Нүкенова, Қуандыққа деген сенімімді қайта қалпына келтіруге уәде беремін. Оған сенуге, оны қызғанбауға, тұрақты түрде психологқа баруға, өзіммен жұмыс істеуге, өзімнің сеніміммен жұмыс істеуге сөз беремін. Енді Қуандықтың тілін алып, оны сыйлаймын. Оған қамқор болатын және сүйетін, отбасының ұйытқысы болатын әйел болуға уәде беремін. Балағат сөздерді айтпаймын, ашуланбаймын. Егер ондай қайталанса, өзімді қолға алып, түсіністікпен қарауға, оның сөзіне сенуге ант етемін. Оның маған жақсылық тілейтініне сенемін.
Мен бәрін қарап шықтым, жеңілдеп қалдым. Менің күдігім расталмады. Мен Қуандықтың маған мүмкіндік бергеніне қуандым. Бұл оған оңай болмаған шығар және менің тарапымнан бұл жақсы әрекет болмаған да шығар. Бірақ мен басқаша істей алмадым. Мен оның маған керек нәрсені бергеніме алғысым шексіз. Мен өз тарапымнан түзелуге сөз бере отырып, одан күдіктеніп, сенімсіздік танытып, оны да, өзімді де қинамайтын боламын. Маған деген махаббатын, құрметін бағалайтын боламын. Сүйіктім Қуандықты үнемі сыйлауға, қолдау білдіруге, онымен бірге намаз оқуға уәде беремін. Алланың көмегімен өзімнің санамды түзетуге, рухани өсуге, біздің отбасымыз бен махаббатымызды қорғауға уәде беремін. Бір кездері Алла бізді қосты, оған махаббатым мен күйеуім үшін алғасым шексіз», - деп жазған деді адвокат.

Судья мұндай жазбаға таңданысын жасыра алмады.

«Сонда әйелі күйеуінің алдында осындай міндеттерін жазып отыр ма, бұны қалай түсінуге болады? Әйелінің күйеуіне осындай жазба жазғанын алғаш рет көріп отырмын», - деді судья.

Оған жәбірленуші тараптың қорғаушысы «егер басты сот отырысының аяғында судья мен алқабилердің атына Салтанат Нүкенованың өліміне унитаз кінәлі деген жазба пайда болса, таңғалмайтынын» айтты.

8 сәуір, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.