Атырау, 30 сәуір 13:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Қазақстан аумағының басым бөлігінде 8 сәуірде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

286 просмотра

Осындай болжамды республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова хабарлады. 

Оның айтуынша, солтүстік-батыста, солтүстікте, республиканың орталығында түнде жауын - шашын, күндіз жаңбыр жауады. Қатты жаңбыр орталықта, күндіз елдің солтүстігінде болады деп болжануда. Тек оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. ҚР бойынша тұман күтілуде.

«Сондай-ақ осы сағатта Ақмола және Ақтөбе облыстары бойынша екі дауылды ескерту шығарылды. Ақтөбе бойынша 7-10 - сәуір аралығында ауа температурасының болжамды көтерілуіне және жаңбыр түріндегі жауын-шашынға байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. Ақмола облысы бойынша 7-10 - сәуір аралығында Зеренді, Астрахан, Сандықтау, Атбасар, Бұланды, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Бурабай, Шортанды және Целиноград аудандарында қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты еріген су ағынының одан әрі қарқынды қалыптасуы және Жабай, Қалқұтан өзендерінде, олардың салаларындағы мұздың еруі күтілуде. Су деңгейінің шектік белгілерге дейін күрт өсуі күтілуде», - деді ОКҚ спикері.

8 сәуір, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.