Атырау, 27 желтоқсан 00:23
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Балабақша кезегі жойыла ма?

5 230 просмотра

Сенбі күні, 1 маусымда қалалық білім беру бөлімінің ғимаратының алдында ерекше тыныштық орнады. Таңертең кірер ауызға балабақшаларға жолдама алған бақытты бүлдіршіндердің тізімін іліп қойды, ал стенд жанында тек бір адам ғана тұрды.

Әдетте бүлдіршіндердің ата-аналары мамырдың екінші жартысынан кейін қалалық білім беру бөлімін қоршап алатын. Бәленбай мыңыншы кезектің бар екенін ескерсек, бұған таң қалуға болмайды. Бұл жолы алдын ала ата-аналар арасында: жолдаманы өткен жылдарға қарағанда аз береді екен, осылайша қалалық білім беру бөлімі топтардағы балалар санын ретке келтіруге тырысып жатыр екен, өткен жылы өтініш бергендерге алаңдаудың да қажеті жоқ деген жаңалық таралып кетіпті. Осы жерде бәрі: жолдама алмай қалармын деп қауіптеніп, қарсы болып отырғандар мен бұл шешімді әділ деп есептейтіндер болып, екі лагерьге бөліне кетті. Әділ деп есептейтіндердің үлкен балалары лық толы топтарда болып көрген еді. №1 мектепке дейінгі авторлық гимназияның тәрбиешілері ата-аналарға өздеріне бала бөлмейтінін айтты. Өткен жолы олар көп баланы қабылдапты. Басқа балабақшаларға ең алдымен 2010 жылдан бастап кезекте тұрғандарға жолдамалар беріледі екен.

Халықтың айтқанының көпшілігі рас боп шықты. Бөлу комиссиясының жұмыс нәтижелері бойынша қаладағы балабақшаларға 2466 бала жолдама алған. Салыстыру үшін: 2011 жылы 3852 жолдама, 2012 жылы 3990 жолдама берілген еді. Бүгінде Атырауда 35 мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер, АМӨЗ-де бір ведомстволық балабақша және 11 жеке балабақша жұмыс істейді. Жыл аяғына дейін Алмагүл ықшамауданындағы 320 орындық балабақша құрылысы және280 орындық бұрынғы «Ақ бота» балалар үйін қайта жарақтау жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Ал Алмагүл мен Нұрсаядағы жаңа құрылыстардың цокольды қабатындағы балабақшалар қашан пайдалануға беріледі деген сұраққа әзірге ешкім жауап бере алмай отыр: бұл нысандардың құрылысы өткен жылдың күзінен бері тоқтап тұр.

- Кезектілік тәртібімен орын бөлуде көпбалалы отбасылардың балалары, жетімдер, әскери қызметшілердің балалары, мүгедек балалар мен мүгедектердің балалары, оралмандар артықшылыққа ие болады. Бұдан басқа, біз ата-аналары 2010 жылы өтініш берген балаларды жолдамамен қамтыдық. Олардың бәрі (399 адам) орындарға ие болды. Біз сонымен қатар, алдыңғы жылдары өте көп балалар қабылдаған балабақшалардың жүгін азайтуды мақсат еттік. Мәселен, 2011 жылы №1 мектепке дейінгі авторлық гимназияға 269 жолдама, 2012 жылы215 жолдама берілді. Сондықтан үстіміздегі жылы олар тек 60 тәрбиеленушіні ғана қабылдайды, - дейді қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі Римма ҚОБДАНОВА (суретте). «Неліктен лық толған топтарда тәрбиешілер толық жұмыс күнімен жұмыс істейді, бұрын топтарда ауысыммен (түске дейін және кейін) екі тәрбиеші болатын еді ғой?» деген сұраққа ол мұндай үрдістің негізінен орыс тілді топтарда байқалатынын атап өтіп, мұны педагог кадрлардың жетіспейтіндігімен байланыстырды. Атырауда  мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілді педагогтардың тапшылығы байқалмайды, сондықтан да қазақ тілді топтарда екі тәрбиешіден жұмыс істейді екен.

Соңғы бөлуден кейін қалалық білім беру бөлімінің мәліметтері бойынша, балабақшаға орналастыру кезегінде 7,5 мың бала тұр. Олардың бір бөлігі бөбектер – біраз уақыттан бері ата-аналар сәби қырқынан шыққаннан кейін балабақша кезегіне өтініш беріп қоятын болған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

Суретті түсірген автор

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.