Атырау, 23 қыркүйек 18:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Еліміздің 6 облысы су астында қалды

408 просмотра
Фото: tobolinfo.kz

Елімізде 10 өңірде әкімдіктер жергілікті ауқымдағы 30 ТЖ жариялады. Бұл Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Павлодар облыстары мен БҚО, СҚО, Абай, Ұлытау облыстары, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Су тасқыны кезінен бастап ел бойынша 72 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 17 мыңнан астамы кәмелетке толмағандар. Уақытша орналастыру пункттерінде қазір 14 466 адам, оның ішінде 7 269 бала бар.

Бүгінгі таңда 6 облыс су астында қалып отыр. Олар: Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау облыстары, СҚО.

«ТЖ министрі мен жедел штаб қызметкерлері Қостанай облысында жұмыс істеп жатыр, Тобыл өзенінде су деңгейінің көтерілу қаупі сақталуда. Бүгінгі таңда өңірдің ТЖД күштерімен еріктілер тартылуда, Қызылорда, Астана, Қарағанды облыстарынан, сондай-ақ Алматы қаласынан күштер топтары көмекке келеді. Қазіргі уақытта Тобыл өзенінің жағалау сызығы үлкен көпірде нығайтылуда. Қостанай облысында барлығы 7,5 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды», - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
7 сәуір, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.