Атырау, 22 желтоқсан 06:55
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Қазақстан мен Ресей су тасқыны және гидротехникалық нысандардың жұмысы туралы жедел ақпарат алмасып отыр

826 рет қаралды

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ресей су ресурстары федералды агенттігінің басшысы Дмитрий Кирилловпен телефон арқылы тұрақты байланыста. Тараптар гидротехникалық нысандардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясының аумағында бірқатар трансшекаралық өзендер бойынша су тасқыны ағынының қалыптасуына байланысты ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Росгидрометпен де тәулік бойы гидрологиялық деректер алмасады.

Сондай-ақ, Орынбор және Саратов облыстарының су қызметтерімен тұрақты ақпарат алмасуда.

«Ресейлік әріптестерімізбен соңғы деректерді алмасқаннан кейін еліміздегі су қоймаларының су ағынын дәлірек реттеуге мүмкіндігіміз бар, сондай-ақ әкімдіктер мен ТЖД-ны уақтылы хабардар ете аламыз. Ресей Федерациясының су ресурстары федералды агенттігімен тығыз ынтымақтастық табиғаттың тосын мінезіне алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді»,- деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

6 сәуір 2024, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.