Атырау, 30 мамыр 04:17
 дождьВ Атырау +13.8
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

​Тоқаевтың тапсырмасымен премьер-министр мен оның орынбасарлары өңірлерде жұмыс істеп жатыр

1 480 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша су тасқыны жағдайын тұрақтандыру үшін Премьер-Министр мен вице-премьерлер су тасқынына байланысты аса күрделі ахуал қалыптасып отырған өңірлерде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов қазір – Қостанай облысында.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысына аттанды.

Премьер-Министрдің орынбасарлары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына, Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысына жіберілді.

Сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атырау облысына ұшып барды.

Бұған дейін Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының су тасқынына дайындығын тексерген болатын.

6 сәуір 2024, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.