Атырау, 6 мамыр 15:16
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы туралы

715 просмотра

Өңірде су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта су жүрген 5 автожол учаскесі мен су шайған 6 автожол учаскесі бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 10 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Облыс бойынша барлығы 1020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 219 мыңнан астам қапшық және 2700-ден астам инертті материал төселді.

4 мыңнан астам ауыл шаруашылық жануар қауіпсіз жерге айдалды.

Теректі ауданының Подстепное ауылында 37 аула аумағы су астында қалуда. Су бұру және қапшық төсеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстарға 430 адам, 86 бірлік техника, 11 су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар су тасқынына қарсы іс-шараларға Маңғыстау облысы ТЖД және ТЖМ № 28237 әскери бөлімінің берілген күштері мен құралдары тартылды.

6 сәуір, 07:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.