Атырау, 22 желтоқсан 06:57
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қарағанды ​​облысында екі бала өлі табылды: анасы күдікке ілінген

865 рет қаралды

Қарағанды облысында екі бала өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында екі және төрт жастағы балалар өз үйінен өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар өлтірілген. Олардың денесінен зорлық-зомбылық іздері табылған. Қылмысты жасады деген күдікке балалардың анасы ілінді.

"4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2-4 жас аралығындағы балалардың мәйіті табылды. Соталды тергеу басталды. Олардың анасы күдікті ретінде ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.



Сондай-ақ, ведомство бұл іске қатысты бірқатар сараптама тағайындалғанын қосты. Қылмыстық істің тергеуі Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының бақылауында. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

5 сәуір 2024, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.