Синоптиктердің деректері бойынша, маусымның бірінші жартысы ыстық болады.
-Жалпы үстіміздегі жылдың маусым айында температуралық көрсеткіш 1995 жылғы маусымға сәйкес келеді – алғашқы жартысында ыстық болады, содан кейін аздап төмендеу орын алады, - дейді«Қазгидромет» РМК-ның Атырау облыстық метеоболжам бөлімінің басшысы Күлайна МЫРЗАШЕВА.
Кей жерлерде жаңбыр, жауын-шашын және шаңды дауыл 6 маусымға дейін созылады. Оңтүстік-батыс желінің батыс бағытына ауыса отырып, 15-20 м/сек екпінге дейін күшеюі алғашқы онкүндіктің басы мен аяғында күтіледі. Түнгі ауа температурасының 15-20, кей жерлерде 12 градус жылылықтан 13-18, кей жерлерде 23 градус жылылыққа дейін біртіндеп көтерілуі күтілуде. Күндіз 25-30, кей жерлерде 22 градустан 25-30, кей жерлерде 35 градусқа дейін.
Екінші онкүндікте түнде 13-18, кей жерлерде 23 градус жылы, күндіз 27-32-ден 32-37 градусқа дейін ыссылық күтіледі.
Үшінші онкүндікте түнде – 18-23 градустан 13-18 градусқа дейін жылы, күндіз 32-37-ден 27-32 градусқа дейін жылылық.
Жауын-шашын нормадан тө-мен. Екінші және үшінші онкүндік басында өткінші жаңбыр жауады.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА