Атырау, 22 желтоқсан 08:30
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Ресейден келетін ағын Қазақстандағы бес өзеннің деңгейіне әсер етеді​

920 рет қаралды

Су ресурстары және ирригация министрлігі Росгидрометпен тасқын суы бойынша ақпарат алмасып отыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ресей Федерациясының аумағында Жайық, Үлкен және Кіші Өзен, Шаған және Деркөл өзендері бойынша су тасқыны ағынының қалыптасуына байланысты Росгидрометпен әр тәулік сайын гидрологиялық деректермен алмасады.

Орынбор және Саратов облыстарының су шаруашылығы қызметтерімен жедел ден қою үшін тұрақты ақпарат алмасу жүргізіледі.

«Ресейден келетін ағын барлық бес өзеннің деңгейіне әсер ететіндіктен, біз ресейлік әріптестерімізбен үнемі ақпарат алмасып отырмыз. Бұл болып жатқан оқиғалар жайлы толық мәлімет алуға, барлық тәуекелдерді алдын ала бағалауға және тасқын суын өткізу бойынша қажетті іс–шараларды қабылдауға, сондай-ақ әкімдіктер мен Төтенше жағдайлар департаменттерін уақытылы хабардар етуге көмектеседі»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

5 сәуір 2024, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.