Атырау, 22 желтоқсан 08:30
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

БҚО-да құтқарушылар екі ауылдың тұрғындарын эвакуациялап жатыр

736 рет қаралды
видеодан скриншот

Батыс Қазақстан облысының Жерсуат ауылына жақын маңдағы елді мекендерден 25 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар БҚО Бөрлі ауданының Қарашығанақ және Димитров ауылдарының тұрғындарын алдын ала эвакуациялады.

«Жерсуат елді мекеніне, мектеп жанындағы интернатқа 25 адам көшірілді, оның ішінде бір бала бар», - делінген хабарламада.

Ведомствода тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау сәтінің кадрларымен бөлісті.

Айта кетейік, жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді.

5 сәуір 2024, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.