Атырау, 9 мамыр 04:21
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

СҚО-да Сергеев қоймасындағы су таси бастады

290 просмотра
Сурет: Kazinform

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы толып, ернеуінен асып төгіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, бөгеннің тасуы бүгін сағат 20.50 минут кеткенде тіркелді. Өңірдегі гидрологиялық бекеттер орналасқан барлық өзендерде су көтеріліп жатыр.

Кешкі сағат 20.00-дегі гидрологиялық мониторниг мәліметіне сүйенсек, Тоқсан би ауылының маңында Есіл өзенінің су деңгейі бүгін таңғы сағат 8.00-ден бері 2 метрге көтерілген.

Ақанбұрлық өзенінің су деңгейі Возвышенка елді мекенінің маңында осы аралықта 119 см-ге артты.

Мұқыр өзенінде деңгейі 92 см-ге көбейді.

Облыстағы Шарық, Бабықбұрлық, Иманбұрлық, Қамысақты өзендері де күннен-күнге толығып жатыр.

Естеріңізге салайық, былтыр да Сергеев су қоймасы осы күндері тасып, 8 сәуірде 196 см-ге дейін көтеріліп, шарықтау шегіне жетті.

5 сәуір, 09:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.