Атырау, 22 желтоқсан 08:29
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Ақтөбе облысында тағы бір су қоймасынан су жару қауіпі бар

530 рет қаралды

Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет кеше кеште бейнеүндеу жасады. Онда Хромтау ауданы аумағында орналасқан Мағаджан су қоймасының бұзылу қауіпі туғанын хабарлады. 

- Хромтау ауданының аумағындағы Мағаджан су қоймасының бұзылу қаупіне байланысты Ақтөбе су қоймасына көп көлемді судың құйылуы күтіледі. Сәйкесінше Ақтөбе су қоймасының толуына байланысты шлюзді ашуға мәжбүрміз, - деді Азамат Бекет. 

Елек өзенінің бойында орналасқан және Қарғалы өзенінің Кірпішті көпіріне жақын орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарынан эвакуацияға келісім беріп, үйден шығуға өтініш жасады әкімдіктегілер. 


Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 29 наурызда су тасқыны салдарынан Щербаково бөгеті бұзылған болатын. Су Жүргенов ауылының шетіндегі Ырғыз өзеніне құя бастады. Ауыл тұрғындары эвакуацияланды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

5 сәуір 2024, 08:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.