Атырау, 22 желтоқсан 08:29
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Теміртауда қала тұрғынына оқ атқан күдіктілер ұсталды

513 рет қаралды
Фото: freepik.com

Теміртауда 27 жастағы жергілікті тұрғынға оқ атқандар қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының ауруханасына оқ жарақатымен 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласының тұрғынына қатысты қару қолдану арқылы бұзақылық әрекет жасаған 27-31 жас аралығындағы үш адам ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу құпиялылығына сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде түнде көшеде оқ атып, қарумен жүгіріп жүрген ер адамдардың видеосы тараған болатын. Видео жазбасында бұл оқиғаның Теміртау қаласында болғаны көрсетілген.

5 сәуір 2024, 08:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.