Атырау, 3 мамыр 10:26
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қонаев әкімі отставкаға кетті

347 просмотра

Қонаев әкімі Нұрлан Құматаев отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова растады. Ресми деректерге сәйкес, Нұрлан Құматаев 2024 жылдың 28 наурызында Қонаев әкімі қызметінен өз өтініші бойынша кеткен.

Нұрлан Құматаев облыс орталығын Талдықорғаннан Қонаев қаласына көшіру жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысқаны атап өтілді.

  • Нұрлан Құматаев 53 жаста, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. 1991 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Оның заңгерлік және экономикалық білімі бар.

    Әр жылдары Іле ауданы әкімі аппаратының ауыл және тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. 2003-2004 жылдары Байсерке ауылы әкімінің орынбасары болған.

    2020 жылдың мамырында Нұрлан Құматаев Қапшағай әкімі болып тағайындалған.

  • 4 сәуір, 17:41

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.