Атырау, 7 қазан 11:06
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жатақханадан өрт шықты

2 646 просмотра

29 мамырда Молдағалиев (бұрынғы Молодая гвардия) көшесі, 28 мекен-жайындағы бес қабатты жатақхананың шатыры өртенді.

ТЖД өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы Жанар ҚАРЖАУБАЕВАНЫҢ айтуынша, өрт тұтанғаны туралы хабарлама ТЖД кезекші пультіне сағат 16.00-де түскен.

Үй тұрғындары әңгімелегендей, сол күні кернеу іркілістерінен кейін жарық мүлдем сөніп қалған. Ал біраз уақыттан кейін подъезден өрт шықты деген айқай естілген. Адамдар балаларын, құжаттарын алып, сыртқа жүгіріп шығыпты. Көп кешікпей өрт сөндірушілер келген.

Бұл жатақханаға көп жылдан бері ПИК қызмет көрсетпейді. Подъездердің әйнектері сынған, есіктері жоқ, жертөле суға кеткен, сымдар сыртта жалбырап тұр – мұндай жағдайда қалай өмір сүруге болатыны жұмбақ болып отыр.

Алдын ала болжам бойынша, өрт сымдардың тұйықталуы салдарынан тұтанған. Өртті сөндіруге 2 бірлік техника мен жеке құрамның 7 маманы қатысты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Анастасия ПАСТУХОВА

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.