Атырау, 27 сәуір 02:01
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Діндес» қылмыскерлер

2 361 просмотра

Бүгін, 5 маусымда Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қоғам қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс жасады деп айыпталған 8 сотталушыға қатысты айыптау үкімі оқылды. Оларға 18-ден 23 жылға дейінгі мерзімде бас бостандықтарынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Процесс жабық түрде өтті, сондықтан тек үкім шығарылғаннан кейін ғана істің егжей-тегжейі белгілі болды. Сотталушылардың барлығы 2012 жылдың 30 қарашасына қараған түні 56 жастағы жеке монша қожайыны Досымбаевты өлтіруге қатысты болғандықтан ұсталған Кәсіпкерді өлтіргендер ұсталды» жарияланымын қараңыз). Тергеу барысында іздеуде жүрген Р. АМАНЖОЛОВ іс жүзінде қылмыстық топтың және қылмыстың өзін ұйымдастырушы болған. Тергеу барысында бұрын сотталмаған жас (20-38 жас аралығында) айыпталушылар мәлім еткендей, бастапқыда қарақшылық шабуыл жасау жоспарланған. Қатарынан үш құрбандыққа бақылау жасалып, ақырында Досымбаевқа таңдау жасалыпты. Аманжолов оның қомақты ақшасы бар екендігіне сенімді болған.

Тергеу барысында топ қатысушылары ақшаның Сириядағы «діндес бауырларына» бірігіп, жиһадқа қосылулары үшін қажет болғандығы жөнінде түсінік берген. Тіпті, Ресей арқылы Түркияға, ал ол жерден идеялық дем беруші Сұлтанов деген біреу (оны да қазақстандық полицейлер іздестіруде) күтіп отырған Сирияға аттанбақ болыпты.

Бірақ жоспарларының күлі көкке ұшқан: Досымбаев қарсылық көрсетіп, шабуыл жасаушылардың бірінің бетпердесін жұлып алған. Оны өзінің көлігіне отырғызып, Бухарка өзегіне апарып, сол жерде аяусыз ұрып-соққан. Ал соңынан Аманжолов нүктесін қойыпты. Сотталушылар куәлік еткендей, ол құрбандығын қосауыз шолақ мылтықпен екі мәрте - кеудесі мен басынан атқан. Осылайша, олар мол ақшаға қол жеткізе алмапты. Дегенмен, марқұмның шалбарының артқы қалтасынан полицейлер кейін 200 мың теңге тауып алған. Ал процесс барысында сотталушылар бұл ақшаларды бәрібір әрі қарай әрекет етуге тым аз болар еді деп мәлімдеген.

Мүрде келесі күні табылыпты. Облыстық ІІД-нің тергеушілер тобы қылмыскерлердің ізіне бірден түскен. Қылмыскерлер бас сауғалап қашып, біреулері Ресейге кетіп бара жатқан жолдан, енді біреулері Ақтөбе мен Оралдан ұсталған. Ал банданың басшысы Аманжолов ғайып болды.

Айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 233-2 («Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу»), 252-3 («Қаруды заңсыз жасау»), 251-3 («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»), 179-4 («Қарақшылық»), 185-4 («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену»), 96-2 («Адам өлтіру») баптарында қаралған қылмыстарды жасауда кінәлі деп танылды. Сот топтағы екеуді қатаң режимдегі колонияға 23 жылға, екеуін – 22 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, үшеуі қылмыстар жиынтығы бойынша 18 жылдан жаза алды. Сотталушылардың біреуін сот залынан босатып жіберді. Оған Қылмыстық кодекстің 364-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша айып тағылып, оған шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

5 маусым 2013, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.