Атырау, 18 мамыр 23:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ақтөбеде Елек және Қарғалы өзендері қайта көтеріліп жатыр

336 просмотра

Ақтөбе қаласында Елек және Қарғалы өзендері көтеріліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті қажет болған жағдайда 112 және 109 байланыс нөмірлеріне қоңырау шалуды сұрады. Ақтөбе қаласында қазіргі кезде қауіп әлі сейілген жоқ. Облыстық ТЖД әуеден бақылау кезінде Қарғалы өзені бассейнінде қар әлі де бар екенін анықтады. Сонымен бірге Елек өзені бойынша арналары мен ойпаттарда қар еріп, су жүріп жатқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

- Елек пен Қарғалы өзендері жағасында орналасқан үйлерге әлі қауіп бар. Ал облыстағы аудандарда жағдай тұрақты. Су сору, құм толы қап төсеу, жағаны бекіту жұмысы жалғасады. ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшақтарымен гуманитарлық көмек те көрсетіп жатыр. Өңірде 760-тан астам үйге су кірген. Сонымен бірге 13 әлеуметтік нысан бүлінді. Оның төртеуі қалада, өзгесі Қобда ауданында. Бау-бақша ұжымдарында су кірген үйлер саны болса 200-ге жуықтап қалды. Эвакуацияланған адамдар саны 9 мыңға жуықтады,- деді Ақтөбе облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Әлішер Сарбаев.

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында қазір мүлде жол жоқ. Аудан ауылдарымен қоса су қоршауында қалып қойған. Сондықтан мұнда көмек тек қайықпен немесе тікұшақпен жеткізіліп жатыр.

- Ақтөбе облысы территориясының 19% қар жатыр. Олар: Мәртөк, Қарғалы, Хромтау, Әйтеке би аудандарында. Өңірдің көп бөлігінде қар еріп кеткен соң, тасқын кезеңінің шарықтау шегі артта қалды десек те болады. Дегенмен әлі де қарғын су келіп жатыр,- деді Ақтөбе облыстық ТЖД бөлімінің бастығы Тарас Коваленко.

4 сәуір, 08:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.