Атырау, 23 қыркүйек 20:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Маңғыстауда жарылыс болып, бір адам қаза тапты

529 просмотра
Фото: Lada.kz

Бейнеу ауылында жер үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy жергілікті Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 3 сәуір күні болған.

«Бейнеу ауылында газ жарылып, жер үй толықтай қирап қалған. Жарақат алған тұрғын ауруханада көз жұмды. Оқиға туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның апатты-диспетчерлік қызметіне төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. Оқиға орнына келген апатты-құтқару қызметінің мамандары жер үйдің газ пеші қолдан жасалғанын анықады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Оқиға туралы Бейнеу ауданының әкімдігі мен жергілікті полиция хабардар. Алдын ала болжам бойынша, пештен газ шығып, жарылыс болған.

«Бұған дейін мамандар қолдан жасалған пештің қауіпті екенін ескерткен, алайда, үйдің иесі ескертуге мән бермеген. Қайғылы оқиғаның себебі сараптамадан кейін белгілі болады», - деп хабарланған компанияның ақпаратында.
3 сәуір, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.