Атырау, 12 қаңтар 13:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Омбы - Майқапшағай халықаралық тасжолын су тасқыны шайып кетті

711 рет қаралды

Абай облысындағы Омбы - Майқапшағай халықаралық тасжолын су тасқыны шайып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қалбатау - Майқапшағай тасжолы, Боғас пен Зайсан аралығында көліктер тұрып қалды. Қар еріп, жаңбыр суынан су көтеріліп, жолды алып жатыр. Қызыл су тасжолдарды шайып жатқандықтан, көліктердің өтуі қиындап жатыр", - деді жолда қалған Жандос Мақсатов.

Тасқынға шыдас бермей тасжол да опырылып түскен. Қазір полиция қызметкерлері су құрсауында қалған 72 жолаушыны құтқарды. Оның 19-ы - бала.

Ал "ҚазАвтожол" мамандары қатынасты қалыпына келтіру үшін үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Аудандық маңызы бар үш жолды тасқын су тас-талқан еткен. Сол себепті ауылдармен қатынас үзіліпті. Ал қалған жолдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейіне бақылау жүргізіліп жатыр.


3 сәуір 2024, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.