Атырау, 11 мамыр 17:29
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Жылу энергетикасы тарифтеріне мемлекеттік реттеу енгізіледі

316 просмотра
Фото: freepik.com

Мәжілісте «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы мен оған ілеспе заң жобалары қаралып жатыр. Заңға енгізілген өзгерістер жылу энергетикасы саласын реттеп, оның сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етпек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Заң жобасына сәйкес уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар жоспардан тыс тексеру, бақылау және тергеп-тексеру субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау нысандарында жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада жылумен жабдықтау субъектілері мен жылумен жабдықтау жүйелерін тұтынушылардың мүдделерін теңестіру мақсатында жылу энергетикасы саласында бағаларды мемлекеттік реттеу енгізіледі.

Бұл ретте тарифтерді реттеудің мынадай өлшемшарттары белгіленеді:

  •  экономикалық тиімділігі: бағалар жылу энергетикасын дамытуда жоспарланған инвестицияларды, сондай-ақ пайдалану шығыстарын ықтимал оңтайландыруды ескере отырып, экономикалық шығындарды көрсетуге тиіс;
  •  шығындарды өтеу: бағалар пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге, отынға, күрделі шығындарға, инвестицияларды қайтаруға, сондай-ақ пайданың ақылға қонымды нормасын алуға арналған шығындарды жабу үшін жылумен жабдықтаудың реттелетін субъектілеріне жеткілікті кірісті қамтамасыз ету міндеттілігі ескеріле отырып қалыптастырылуға және белгіленуге тиіс;
  •  қарапайымдылық пен ашықтық: бағалардың қағидалары мен құрылымдары нақты түсінілуге тиіс, тым күрделі болмауға және ашық болуға тиіс.
3 сәуір, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.