Атырау, 12 мамыр 03:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

«Су тасқыны болған өңірлерге шығып, халықпен бірге болады»: Қошанов депутаттар жайлы

373 просмотра
Фото: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен

Мәжілістің отырысы басталған сәтте Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Ринат Зайытов отырыстың күн тәртібі бойынша сұрақ қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Күн тәртібі бойынша бір сұрақ бар. Біз кез келген апатты жағдайда шахтада да, барлығында ертесі күні талқылайтын едік. Елде болып жатқан үлкен апат бойынша талқылау бола ма? Қашан болады?», - деп сұрақ қойды депутат Мәжіліс төрағасына.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардың осы тақырыпта көтеретін мәселелері болса, депутаттық сауал арқылы беруге болатынын айтты.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов су тасқыны бойынша депутаттар өңірлерге барып, халықпен бірге болып, ортасында жұмыс істегенін айтты.

«Нақты көмек көрсетіп келді. Менің ойымша, осы жерде отырып әңгіме айту емес, осындай жұмыс керек. Сондықтан жалпы отырыс аяқталған соң біздің тағы бір топ депутат су тасқыны болып жатқан өңірлерге шығады. Халықпен бірге болады», - деді Ерлан Қошанов.
3 сәуір, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.