Атырау, 22 желтоқсан 08:29
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ТЖМ Оралдағы жағдайы туралы

634 рет қаралды

Орал қаласында судың сыни деңгейден жоғары көтерілуіне байланысты Деркөл және Шаған өзендерінде кейбір тұрғын және саяжай үйлерін су басу орын алуда, деп хаарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

ТЖМ тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге эвакуациялануды сұрайды.

Сізге көмек қажет болған жағдайда "112" телефоны бойынша хабарласуға болады.

***

Су тасқыны кезеңінде тұрғын үйлерге еріген судың кірүіне жол бермеу мақсатында Алматы облысының 28237 әскери бөлімімен БҚО Бәйтерек ауданының Асан кентінде қапшықтарды инертті материалдармен толтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

***

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерден халықты эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.  ТЖД күштерімен Шаған және Деркөл өзендерінің маңында орналасқан "Самал" және "Вагонник" тұрғын пункттерінің тұрғындарын шұғыл құлақтандыру және эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Аулаларды аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін жеткізді, материалдық құндылықтарды эвакуациялауға көмек көрсетуде.


3 сәуір 2024, 08:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.