Атырау, 12 мамыр 09:21
 ашықВ Атырау +24
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қызы мен Нүкенованың арасындағы хаттарды көрсетті

469 просмотра
скриншот

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен сотта сұралып жатқан Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман желіге бірнеше жеке мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның бұлай істеуіне Бишімбаевтың кешегі сотта берген жауабы түрткі болған. Дәлірек айтсақ, Назым Қаһарман адвокаттардың сұрағына жауап берген Бишімбаевтың балалары туралы айта бергеніне ашуланды.

«Қайта-қайта балаларды айта береді. Оның үстіне, мен Салтанатқа хат жазған депті. Бірақ, ол өтірік», - деді Назым Қаһарман.

Сөзінің дәлелі ретінде Назым марқұм Салтанат Нүкенованың өзі жазған бір хатты көрсетті. Оның айтуынша, сол хаттан кейін екеуі хат алмасып көрмеген.

«Міне, бұл алғашқы және соңғы рет хат арқылы сөйлескен кезіміз еді», дейді Назым. Хат мәтінінде көрініп тұрғандай, Салтанат Нүкенова Назымға хат жазып, балаларының өте тәрбиелі екенін айтқан. Сонымен қатар, Назыммен танысып, араласып тұрғысы келетінін жазған екен. Өз кезегінде Назым Салтанатпен қуана танысатынын, балалары Салтанатты қатты жақсы көретіндерін айтқан. Бұл сөзінің де дәлелі ретінде Назым Қаһарман қызының Салтанатқа жазған хатын көрсеткен.  

Фото: пресс-служба Верховного суда

«Сізді қатты сағындым, папам жаман адам, әйелді ұруға болмайды, ұят нәрсе. Сізді қатты жақсы көремін», деп жазған Бишімбаевтың қызы марқұм Салтанат Нүкеноваға. Қазір Назым Қаһарман сотта болып жатқан жағдайларды естімеуі үшін балаларына телефон ұстатпайтынын атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Кешегі сот отырысында Бишімбаев Салтанатпен қалай танысқанын айтқан. Отырыс кезінде марқұмның анасы Бишімбаевтың сөздеріне ашуланып, жылап қалған еді. Келесі сот отырысы ертең, 3 сәуір күні өтеді.

2 сәуір, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.